Қолданушы есебін жасау
Қолданушы есебін жасау
Бұл тіркеудің кезеңінде жүйеде жеке кабинет құру үшін қолданушының деректері енгізілуі қажет. Электрондық платформа беттерінде міндетті толтырылатын өрістер жұлдызша «*» символымен белгіленген.
Жүйе талаптарына сәйкес барлық міндетті өрістер толтырылып, енгізілгеннен кейін, «Жалғастыру» батырмасын басып, тіркеу өтінімін толтырудың келесі кезеңіне өту қажет. Деректер автоматты түрде сақталады:

Қолданушы есебін белсендіру (электрондық поштаны растау)
Есеп жасаған кезде көрсетілген электрондық поштаға «растау код» жіберіледі. Поштаны растау үшін хаттан келген кодты тиісті өріске енгізіп, «Жалғастыру» батырмасын басу қажет:

МАңызды! Растау кодын хаттан көшіріп жазғанда қосымша бос орындардың болмауына назар аудару қажет.
Егер код келмесе, «Растау кодын қайта жіберу» батырмасын пайдаланып көруге болады. Осы жағдайда поштаны растайтын хат қайтадан жіберіледі.
Егер код екінші рет те келмесе, көрсетілген электрондық поштаның дұрыстығын тексеріп, қажет болса оны өзгерту ұсынылады. Ол үшін төмендегі әрекеттер орындалуы тиіс:
-
Электрондық платформадағы жеке кабинетке авторлану;
-
Оң жақ жоғарғы мәзірден «Жеке ақпарат» бөліміне өту;

-
«Өзгерту» батырмасын басу;

-
Электрондық поштаны өзгертіп, «Сақтау» батырмасын басу;

-
Сол жақ бүйірлік мәзірден «Тіркеу» сілтемесіне өту;

-
«Растау кодын қайта жіберу» батырмасын басу;
-
Жаңа поштаға жіберілген растау кодын енгізіп, тіркеудің келесі кезеңіне өту және деректерді сақтау үшін «Жалғастыру» батырмасын басу.
