Регистрацияға өтінішті дайындау
Электрондық сауда алаңында саудаға қатысу үшін пайдаланушы жүйеде тіркелуі қажет. Тіркелуді бастау үшін жүйенің сол жақ жоғарғы бұрышындағы «Регистрация» сілтемесіне өту қажет:
Тіркелу үшін өтініш беруде келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет:
-
тіркелетін ұйымның өкілі туралы ақпарат енгізу,
-
электрондық пошта мекенжайын растау,
-
контрагент туралы мәліметтерді толтыру,
-
оператор сұраған құжаттарды өтінішке тіркеу,
-
өтінішті операторға қарау үшін жіберу.
Өтінішті толтыру барысында тіркелуді кез келген уақытта тоқтатуға болады. Толтыруды тоқтаған жерде жалғастыруға мүмкіндік бар. Тіркелу өтінішін жалғастыру үшін жүйеге кіру қажет және жеке кабинет мәзірі немесе ақпараттық хабарламадағы сілтеме арқылы сақталған нұсқасына өту қажет.
