Skip to main content

Сауда рәсімдері бөлімі

Осы бөлімде электрондық сауда алаңында өткізілетін саудалардың тізімі қолжетімді. Бөлімді қарау үшін ЭТП басты бетіндегі «Сауда рәсімдері» вкладкасын пайдалану қажет:

«Сауда рәсімдері» вкладкасы

Белгілі бір саудаларды іздеуге арналған сүзгілер бар. Сіз саудалардың тізімін лоттың мәртебесі, өткізу әдісі, лоттың немесе рәсімнің атауы мен нөмірі, экономикалық қызмет түрлері және саудаға қатысатын объектілердің немесе жобалардың түрлері бойынша ала аласыз. Бұл үшін іздеу критерийлерін толтырып, «Іздеу» батырмасын басу қажет:

«Сауда рәсімдері» журналы

Іздеу сүзгілерін тазалау үшін «Тазалау» батырмасын басыңыз.

Іздеу нәтижелерімен жұмыс істеу:

  • Рәсім туралы ақпаратты көру үшін рәсім нөмірі сілтемесін қолданыңыз;

  • Лот туралы ақпаратты көру үшін «Лот» жолындағы сілтемеге өтіңіз;

  • Іздеу нәтижелерін сұрыптауды өзгерту үшін бағанның тақырыбын басыңыз. Бағанда сұрыптау тәртібін көрсететін белгі пайда болады;

  • Қосымша іздеу параметрлерін көрсету үшін «Қосымша параметрлер» тармағын шертіңіз.

Лот келесі мәртебелерге ие болуы мүмкін:

  1. Хабарлама жарияланды – хабарлама алаңда орналастырылған, өтінімдерді қабылдау басталмаған;

  2. Өтінімдерді қабылдау – рәсімге қатысуға өтінімдер қабылдануда, қатысушылар өтінім бере және бұрын берілген өтінімдерін қайтаруға мүмкіндігі бар;

  3. Сауда қатысушыларын анықтау – ұйымдастырушы қатысушылардың өтінімдерін қарастыруда;

  4. Сауда өтуде – рәсім бойынша сауда сессиясы басталған;

  5. Нәтижелерді шығару – рәсімдегі сауда аяқталған, ұйымдастырушы жеңімпаздарды таңдау немесе қайта бәсекелесу арқылы сауданы жалғастыру туралы шешім қабылдайды;

  6. Аяқталды – рәсім аяқталған, жеңімпаз анықталған;

  7. Үзіліс жарияланды – рәсім ұйымдастырушы тарапынан тоқтатылған.

Рәсім туралы толық ақпаратты көру үшін рәсім нөмірі арқылы рәсім бетіне өтіңіз:

Сауда парағына сілтеме

Рәсім ішіндегі ақпарат бөлімдерге бөлінген:

  • Жалпы ақпарат – осы бөлімде рәсімге қатысты негізгі ақпарат бар;

  • Лоттар – осы бөлімде рәсімге қатысты барлық лоттардың тізімі орналасқан. Сауда нәтижесінде әр түрлі жеңімпаздар болуы мүмкін;

  • Қатысу өтінімдері – рәсімге қатысуға өтінім берген ұйымдар туралы ақпарат берілген;

  • Нәтижелер – осы бөлімде рәсім бойынша барлық лоттардың жеңімпаздары көрсетіледі. Жеңімпаздарды ұйымдастырушы анықтайды, нәтижелер жарияланғанда «Нәтижелерді шығару хаттамасын» қосады;

  • Өзгерістер тарихы – осы бөлімде рәсімнің негізгі мәртебелерінің (кезеңдерінің) өзгерістері қадағаланады.

Рәсім туралы ақпарат беті

Лот туралы толық ақпарат алу үшін «№» немесе «Лот» бағандарындағы сілтемеге өтіңіз:

Рәсім лоттарының тізімі

Ашылған бетте ұйымдастырушы берген барлық ақпаратпен танысып, рәсімге қатысу туралы шешім қабылдауға болады. Қатысуға өтінім беру үшін тіркелген әрі авторизацияланған қолданушы болуыңыз қажет (тіркелу процесі ЭТП тіркелу нұсқаулығында сипатталған).