Бағаны бір рет өзгерту түріндегі қайта бәсекелесуге қатысу
Бағаны бір рет өзгерту түріндегі қайта бәсекелесу кезінде өтініш беріп, баға ұсынысын жақсартуға болады. Жаңа кезеңге қатысу үшін шақыруда көрсетілген күн мен уақыттан бастап лот бетіне кіріп, «Қосымша кезеңдер» бөлімінде қайта бәсекелесуді таңдап, жаңа ұсынысын көрсетіп, қатысуға өтініш беру қажет:

Қайта бәсекелесуге өтініш беру үшін «Жіберу» батырмасын басу қажет:

Жүйеде қол қою функциясы қосылған жағдайда, қайта бәсекелесуге қатысу үшін берілген өтінішке қол қою керек болады. Өтінішке қол қою процесі «Тендерлерге қатысу» бөліміндегі «Қатысу өтінішіне қол қою» тармағында сипатталған.